Түркістан қаласында өтетін «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы Түркі елінің делегаттары тарихи орындарды аралады. Осы орайда, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштаған делегаттар Түркі жұртының мəңгілік тарихы саналатын кесене жəне құнды деректермен танысты.Күні ертең бауырлас елдер басын қосатын конференцияға Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады. Конференцияның мақсаты-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жəне «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихындағы орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда спорт алаңдары қолданысқа берілді
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына […]
ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛАДЫ
Жуырда Түркия елінің астанасы Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, еліміздің рухани астанасына баланатын Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» […]
ОҚО журналистері Түркияда тәжірбие алмасып жүр
Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат — бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу.Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі. Бүгінгі елшілерге тапсырылған […]
Пікір қалдыру