Оңтүстікте ашылған робот техникасын құрастыратын мектепте балалр 4 ай білім алады

Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған робот техникасын құрастыратын мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Оқу мерзімі 4 айға созылады. Білім алу ақысы — айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге беріледі. Бұған қоса, әйелдерге, мүгедектер мен жасы 50-ден асқан жандарға экономиканың басым секторлары мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін тегін және қайтарымсыз гранттар беріледі.

«Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең көп сомасы — 3 млн теңгені құрайды.  Қолдаудың осынау грант түрі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері жалпы сомасы 300 млн теңге болатын 96 грант берілді. Оның ішінен 2017 жылы 29 миллион теңге болатын 10 грант берілді», — дейді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм баcқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*