Шымкентте түрік фильмдерінің апталығы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай түрік фильмдерінің апталығы басталды. Түркия Республикасы Мәдениет Министрлігі мен Оңтүстік Қақазстан облысы әкімдігінің  ұйымдастыруымен 1-5 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent plaza» ойын-сауық орталығының кино залында тарихи, драма бағытындағы фильмдер күнгей көрермендерінің назарына ұсынылатын болады.

         Айта кету керек, түрік фильмдері апталығының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркия мемлекетінен келген қонақтар — Еуразия Азаматтық Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исмаил Сафи,  Түркия Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері мен режиссерлары Ерхан Байтемур,  Кюршат Кызбаз, киноактерлар  Тургай Аталай, Ачелья Элмас, Фуркан Палалы қатысты. 

Жалпы бұл көрсетілімнің басты мақсаты түркі елдеріне ортақ екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, мəдениеті мен əдебиетін арқау еткен тарихи фильмдерді насихаттау, кинорежиссерлер мен актерлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тəжірибе алмасуға жол ашу болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*