Оңтүстік қариялары «Еврокристал» зауытында болды

Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан —  «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық  азамат жұмыс істейді.

Мұнан соң ардагерлер «Tectum Engineering» шифер өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. Жоба құны 1.9 млрд теңгені құрайды. «Хатчек» әдісімен шифер шығаратын зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған. Ал шығарған өнімдерінің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалғаны Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады.

Сонымен қатар, Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» ЖШС-нің кілем фабрикасына атбасын бұрды. Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде мұнда 235 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі  таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталуда.  Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биылдың өзінде зауытқа  шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асыпты.  Фабриканың жіп иіру цехы мен кілем тоқу бөлімдерін аралап   көрген ардагерлер кәсіпорын жұмысына оң бағасын берді.

«Оңтүстік» индустриялды аймағындағы көрме орталығы да ақсақалдардың назарынан тыс қалған жоқ. Зауыт жұмыстарын өз көзімен көрген қариялар кәсіпорын басшыларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*