Қазығұрт ауданындағы газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының құны 80 млн. теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ONтүстік өнімдері» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының «Банк несиелерін кепілдендіру» шарты бойынша қаржылай қолдауға ие болған. Сонымен қатар, Түркиядан кондитерлдік өнім өндіретін құрал-жабдық әкелген Гүлзия Бейсебаева елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалғанын айтты.Бұдан бөлек, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясын аралап көрді. Бүгінгі таңда кәсіпорын сынақ мерзімінен өтіп, электр қуатын шығаруды бастап кетті. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт 16,71 теңгеден электр қуатын өткізіп жатқанын айта кету керек. Үлкен кескен каналынан 6м³/сек. су алынып, 450 метр төмен қарай электр станциясына келіп, арнайы қондырғылардан өтіп сағ/1000 кВт. электр қуаты шығарылады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті.Сонымен қатар, кездесу барысында […]
ОҚО әкімі Ұлы жеңістің мерекесіне орай ұйымдастырылған меркелік шарада ардагерлерді биге шақырды
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты іс-шараны Оңтүстік жұртшлығы барша сән-салтанатымен өткізді. Іс-шарада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ардақты ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтай келе, жүрек жарды лебізін жеткізді. Тіптен, мерекеге қатысып отырған қариялармен би билеп, көңілдерін […]
ОҚО әкімі Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарын аралап көріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді
Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, әкімшілік іскерлік орталығындағы коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 орындық мектептің құрылысымен де танысып шығып, атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі баспана. Сондықтан […]
Пікір қалдыру