Қара күзге қарамай Мақтааралда шомылу маусымы жалғасып жатыр (видео)

Мақтаарал ауданындағы Асық ата кентінің тұрғындары қара күзде де шомылу маусымын жалғастырып жатыр екен. Бұл сөзімізге Азат Әміртайдың «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жариялаған видеосы дәлел бола алады.«Опшым», ауылда мақта терім аяқталды. Біздің «братандар» осылай жуады енді. Бұларда «соткага» түсуді үйреніп алыпты. Ауыл да «братандар» отырысты дос, ағайын болып бастайды да соңында бажа, құда болып таркайды» деп жазады ол.

Ал, екі замандастың дарияға шомылып жүргенін бейнетаспаға түсірген азамат, «19 қараша, Асықата, Оңтүстік Қазақстан. Шомылып жүрміз әлі. Оңтүстік Қазақстанннан, астаналықтарға сәлем. Шомылатын уақыт бар әлі бізде» дейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*