Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Айта кету керек, Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіз еліміздің жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылып отыр.Сонымен қатар, бұл көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілгенін айта кету қажет.Аталған іс-шараға облыс əкімі Жансейіт Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік қайырымды жандар үшемнің анасына көмек көрсетті
Шымкент қаласында үшемді дүниеге әкелген көпбалалы ана Фозила Досметоваға демеушілер көмек көрсетіп, қаланың орталығынан 3 бөлмелі пәтерді жалға алып берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев көпбалалы ананың […]
Шымкент қаласының волонтерлеріне Елбасының алғыс хаты табысталды
Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов конференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап, «Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқандарды еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады Волонтерлардың көмегімен «Birgemiz» акциясы […]
Шымкентті кәсіпкер әйелдердің саны күн санап артып келеді
Шымкентте 2012 жылы ашылған «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлерге, әсіресе әйел кәсіпкерлерге көптеген көмек көрсетіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері осы жерде «бір терезе» қағидасымен бизнестерін ашу немесе жүргізу бойынша […]
Пікір қалдыру