Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты.
Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.
Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді.
Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар іріктеліп алынады.
Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.
Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіретін болады.
Аталған госпитальдің қала аумағында қызмет етуі инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады.
Бүгін Шымкентте татар және башқұрт этностарының тілі мен мәдениеті күні өтіп, онда аспаздар арасында чак-чак дайындаудан сайыс ұйымдастырылды. Байқауға ескі татар рецептімен дайындалған 10-нан астам тағам ұсынылды. Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың шарты […]
Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу шараларына салғырттықпен қараған кәсіпкерлерге ескерту берілді. Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің […]
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша карантин талаптарын сақтамағандарға 450 хаттама толтырылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде коронавирустың алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Яғни, арнайы құрылған мониторингтік топтың тарапынан кәсіптік нысандарда сақтық шаралары күн сайын тексерілуде. Нәтижесінде, […]
Пікір қалдыру