Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға тапсырма берген.
Әлеуметтік желілерде анасы пневмония дертіне шалдығып көз жұмған Шымкент қаласының тұрғыны Айжан Ергешованың жазбасы қызу талқыға түскен. Автор медицина қызметкерлерін анасының өліміне себепші болғанын айтады. Бұл жағдайды Шымкент қаласы әкімдігі назарға алып, шағым негізінде болған жайдың бүге шігесіне дейін зерделеу үшін арнайы комиссия құрып отыр.
«8 шілдеде әйел жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Науқасқа қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді. Емдеу Денсаулық сақтау министрлігінің протоколы бойынша жүргізілді. Алайда соған қарамастан оның денсаулығы жақсарған жоқ. Біз бұл жағдайда егжей-тегжейлі тексеріс жүргізетін тәуелсіз комиссия құрдық. Егер кінәлілер анықталса, олар міндетті түрде жазаланады », — деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіз комиссия жүргізген тексеру нәтижесі міндетті түрде жарияланатын болады.
Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нұрсәт шағынауданындағы Измир көшесінде жаңа аллея құрылысы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Шағын аумақта тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университет пен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға өсіру туралы айтқан болатын. Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмасын Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ті еліміздегі ЖОО-ы […]
Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді. – Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және […]
Пікір қалдыру