Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға тапсырма берген.
Әлеуметтік желілерде анасы пневмония дертіне шалдығып көз жұмған Шымкент қаласының тұрғыны Айжан Ергешованың жазбасы қызу талқыға түскен. Автор медицина қызметкерлерін анасының өліміне себепші болғанын айтады. Бұл жағдайды Шымкент қаласы әкімдігі назарға алып, шағым негізінде болған жайдың бүге шігесіне дейін зерделеу үшін арнайы комиссия құрып отыр.
«8 шілдеде әйел жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Науқасқа қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді. Емдеу Денсаулық сақтау министрлігінің протоколы бойынша жүргізілді. Алайда соған қарамастан оның денсаулығы жақсарған жоқ. Біз бұл жағдайда егжей-тегжейлі тексеріс жүргізетін тәуелсіз комиссия құрдық. Егер кінәлілер анықталса, олар міндетті түрде жазаланады », — деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіз комиссия жүргізген тексеру нәтижесі міндетті түрде жарияланатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап жұмысын қайта жандандырды. Аталған орталыққа түрлі мәселелер мен сауалдар бойынша келетіндер міндетті түрде медициналық бетперде тағып, короновирус инфекциясына қарсы сақтық шараларын сақтап келулеріне болады. […]
Спорт пен салауатты өмір салты – жастардың бойындағы сергектік пен жігерді шыңдайтын, ел болашағының жарқын кепілі. Әсіресе бүгінгі таңда жастардың белсенді өмірге, спортқа және бірлікке ұмтылысын арттыру қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Осы […]
Спорт-денсаулық кепілі! Оның адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен шұғылданған жанның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болатыны баршаға аян. Сондықтан Шымкент қалалық Білім басқармасы оқушылардың денсаулығы әрдайым жақсы болуы үшін бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, […]
Пікір қалдыру