Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Тұрғындардың ыңғайына қарап, жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. Алдағы жылдың жоспарындағы көше құрылыстарымен бірге жүргізілетін болады. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ. Бұл Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевтың қаланы дамыту бойынша берген тапсырмасының орындалуының көрсеткіші. Шымкенттегі басқа да аудандардың көшелері де күрделі жөндеуден өтетін болады.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан […]
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі мен Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Дача-Қайнарбұлақ саяжай аумағында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында кең ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, […]
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесі №13 тұрғын үй, Пазылбеков көшесі №5, 7 үй, Айбергенов көшесі №1, 5, 5а мекен жайларына балалар ойын алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Су жаңа ойын алаңындағы […]
Пікір қалдыру