Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.
Қазіргі таңда бұл аталған қалалардың байланыстырушы жолы едәуір тар және кептелісі де жоқ емес. Айналма жолдың маңыздылығы сол көлік жүргізушілерінің еркін және сенімді жүргізуіне ыңғайластырылған. Айналма жолмен көбіне алыс жолға шығатындар жүреді. Сондықтан да, Мемлекет басшысы айтқандай халықтың барлық жағдайын жасауға әрет ету керек.
Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды. Жаңа жобаларды ұсыну, құптау шаралары жүргізілсе айналма жолдың ауылы алыс емес. Қаламыздағы Ташкент пен Алматы трассасына шығу үшін қала ішімен өтуді қажет етеді. Халқы тығыз орналасқан Шымкенттің Қазығұрт, Құрсай елдімекендерінің тұрғындары үшін жүк көліктері үлкен кедергі. Айналма жол салынса, бұл мәселенің түйіні шешілмек.
Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл шара қала көшелерінде, қоғамдық орындарда, көлік торабы мен тұрғындар көп шоғырланған аймақтарда өткізіліп, полицейлердің бақылауын күшейтті. Мұндағы […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Шымкенттік табиғат жанашыры Гүлнар Өтебаева, көктем айларында Рысқұлов көшесі бойына егілген ағаштар жаз айларында суғарылмай қурап қалғанын айтады. Ол бұл жайлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында мәселе көтерді. […]
Қаратау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Шымкент университетінде ерекше маңызы бар іс-шара өтті. «Егемен ел – жарқын болашақ» атауымен өткен бұл дәрісте прокуратура органдарының ардагері Берік Ошақбайұлы Көлбаев пен Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Дәурен Дәулетұлы Тұрсынбай жас […]
Пікір қалдыру