Шымкенттегі «Назар Текстиль» ЖШС — жылына 2,3 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. 2014 жылы іске қосылған кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағындағы орналасқан.
Фабрикада 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты сұранысқа қарай толықтай қамтып отыр. Экспорт көлемі де ұлғайған.
Фабрика іске қосылған кезеңнен бастап 5,2 млрд теңгенің өнімін өндірсе, экспорт көлемі жылына 120 млн теңгені құрап отыр.
Кәсіпорын өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.Жылына 8,5 млн. шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.
Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.
Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электрлі жеке көлік құралдарын пайдаланушылар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Самокат» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара қала тұрғындары үшін маңызды болып, әсіресе жасөспірімдер мен электрлі көлік […]
Сегодня в Шымкенте состоялся юбилейный десятый марафон Shymkent Marathon-2025 — одно из самых масштабных спортивных событий страны. Мероприятие, ставшее визитной карточкой города, собрало тысячи любителей бега и профессиональных спортсменов не только из Казахстана, но и […]
Қыркүйек айында Шымкент қаласында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда. Биылғы науқанның басты басымдығы – балалардың өмірін қорғау мен олардың қауіпсіздігін күшейту. Әрбір […]
Пікір қалдыру