Ақпарттардың ағыны көп, бүгінгі күні барлық сұрақтың жауабын табу ғаламтор барда қиынға соқпайтыны белгілі. Түрлі желілердің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын тигізетін ақпараттар жетерлік. Соның бірі – діни ақпарат таратушылар.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент университетінің жастары арасында діни танымдығын арттыру бағытында маманның қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Даулетұлы Көбей қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етті. Жиын соңында тақырып аясында бейнеролик көрсетелді.
Кез келген діни мазмұндағы ақпарат аларда алдымен діни мазмұндағы материалдың қандай діни бірлестіктен шыққандығына мән беру маңызды. 2011 жылы 11 қазанда шыққан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының 6 тармақшасында «Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» делінген. Яғни, Қазақстан Республикасы кез келген азаматының діни сенім құқығы заңмен қорғалған.
Пікір қалдыру