Бүгін мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағынауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді.
Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйледі.
– Қазақстан мен Түркия – түбі бір түркі елдері. Біз – қарым-қатынасымыздың тамырын тереңге жайған елдерміз. Өйткені мәдениетіміз, дәстүріміз, рухани құндылықтарымыз қатты ұқсас. Жақында екі ел басшылары өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел ретінде Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтай отырып, осы саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауын беру туралы шешім қабылдадық, – деді қала басшысы.
Сондай-ақ қала әкімі: «Екі мемлекеттің ынтымағы мен достастығы артып, халықаралық аренадағы алпауыт мемлекеттерге айнала берсін!» – деп тілегін жеткізді.
Жиын барысында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мюдеррисоглу ыстық ықыласын білдірді.
– Түбіміз бен тегіміз бір Қазақстан халқымен саяси-экономикалық байланысымыз күшін жоймаған, тиісінше даму үстінде. Тамырымыздың тереңдігі себепті біз Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасын ары қарай күшейтеміз, – деді Эврен Мюдеррисоглу.
Мерекелік іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, саябақта серуендеуге қолайлы жағдай жасалған. Жер көлемі – 1,6 гектар. Саябақтың құрылысы 2022 жылы аяқталған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Абай саябағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға қалалық […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралады- деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Өңір басшысы алдымен «Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылыс барысымен танысты. Жауаптылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. – […]
Пікір қалдыру