«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы аумағындағы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, елді мекендерде жаңадан 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт салынады. Нысандардың құрылысын биыл аяқтау көзделуде.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма міндеттеді.
– Бұл жоба – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасына аса ден қою қажет. Ел игілігі үшін жұмысты абыроймен атқарыңыздар. Жұмыс белгіленген кестеге сай, мерзімінде орындалу керек. Жұмыс күшін көбейтіңіздер. Ауыл азаматтарын да жұмысқа тартыңыздар. Мәселе орын алса, дер кезінде хабар беріңіздер. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетеміз, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Жиында құрылыс компанияларының өкілдері жұмыс барысын баяндады.
2023 жылы басталған 3 ФАП-тың құрылысы қарқынды. Қазіргі уақытта республикалық және жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, денсаулық нысандарының құрылыс сапасын бақылау үшін арнайы қоғамдық комиссия құрылып, тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Сонымен қатар өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыс аумағындағы тозығы жеткен мектептерді ретке келтіру жұмыстары атқарылуда. Биыл облыстағы 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 7,7 млрд теңге қаржы қаралды. Оның ішінде, 5 мектеп жаңа оқу жылына қарсы пайдалануға тапсырылады. Қалған 17 мектептің жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала өкілдері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлармен онлайн режимде білім ұяларында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысын қадағалады. Жауапты басшыларға жұмысты өндірістік кестеге сай жүргізуді, жаңа оқу жылына дайындықты күшетуді тапсырды.
Өңірдегі медициналық ұйымдарда 5,5 мыңнан астам дәрігер және 19 мыңнан астам орта буынды қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84 пайыздан асып, жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде, негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. Өткен жылы өңірде 14 денсаулық нысаны пайдалануға берілген болатын.
Түркістан облысы бойынша 749 медициналық мекеме елге медициналық қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда бейінді мамандарға тапшылық байқалуда. Осы мәселені шешу үшін биыл облыс есебінен бейінді мамандарды оқытуға, резидентураға 60 грантқа қаржы бөлінді. Сонымен қатар ауылға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек төленуде.
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді. Ұлы Жібек жолы құрылған сәттен бастап дамып, өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орны […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады. Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында […]
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін басты құралдардың бірі – тікелей инвестициялар. Осы орайда облыс әкімінің төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар маңызды жобалар талқыланып, олардың жүзеге асу барысы мен туындаған мәселелер кеңінен қаралды. […]
Пікір қалдыру