Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып, қайтарымсыз қаржы алған болатын.
— Кәсіпті зерттеуге, үйренуге 70 жұмыртқаға арналған инкубатордың көмегі көп болды. Шаруашылықтан тәжірибе жинаған соң ауқымын кеңейтуді көздеп, қайтарымсыз грантқа өтінім жолдадым. Мақұлданған қаржыға сыйымдылығы 2200 жұмыртқаға арналған құрылғыны сатып алдық. 21 күннен кейін жаңа құрылғыға салынған жұмыртқадан алғашқы балапандар жарып шықты. Жартысын балапан күйінде сатып, қалғанын бірер ай көлемінде бағып, тамақтану орындарына саудалап отырмын, — дейді Динара Мелісқызы.
Іскер әйел жұмыртқа жарып шыққан күннен бастап, салмақ жинағанша ветеринарлармен кеңесіп балапандарға қажетті екпе, дәрумендерін салдырып отырады. Грант иегері қазір тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ әрі дәмді бройлер тауықтарына сұраныс өте жоғары екенін айтады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, мемлекеттік қолдаулар аясында ауқымды құс фермасын ашуды жоспарлауда.
Биыл Шымкентте 426 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Маусым айында комиссияның шешімімен 214 тұрғынға қайтарымсыз қаржы мақұлданды.
Шымкент қаласының прокуратурасы қала әкімдігінің қолдауымен қоғамда ерекше маңызға ие әлеуметтік тақырыпты қозғайтын жаңа деректі фильмді көпшілікке ұсынды. «Үш дос – Үш тағдыр» атты туынды жасөспірімдер арасындағы есірткіге қатысты қылмыстар мен оның салдарын шынайы көрсетіп, […]
Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 […]
“Ғалымдар 50 жылдан кейін адамзат көміртегі отынының жетіспеушілігі проблемасына тап болады деп болжайды. Ал, 100 жылдан кейін бұл отын болмауы мүмкін. Демек біз жаңартылатын энергияға көшуіміз керек”. Осылай деген № 8 мамандандырылған гимназияның 11 сынып […]
Пікір қалдыру