«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Абай саябағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысып, саябақта ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
КЕЛЕСІДЕЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ:
— Орындықтарды сырлау;
— Бейберекет өскен шөптерді шабу;
— Қоқыстарды жинау;
— ҰОС ардагерлерінің монументтерін тазалау;
— Ағаштар мен көгалдарды суару.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Маусым айынан бері әр бейсенбіде осындай тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Ортақ үйімізді таза ұстайық!
«Таза бейсенбі» акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Біз бәріміз бірге туған жерімізді таза әрі көрікті етуге атсалысып жатырмыз. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін», — деді акцияға қатысушылар.
Табиғат – ол біздің ортақ байлығымыз. Табиғаттың таза болуы, оның әдемі көрініске енуі біздің әрқайсымыздың үйімізден, көшемізден басталады. Сондықтан әр қайсысымыз бір адамдай аудан тазалығын сақтауға үлес қосайық.
Тазалық мәселесі ауыл тұрғындарының барлығына қатысты. Әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Өздері тазалайды деген кереғар пікірден аулақ болып, қолынан келетін шаруаны тындыра салғаннан ештеңесі кетпейді. Әрқайсысымыз өзіміз тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, артық-ауыс қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, туған өлкеміздің таза әрі көрікті мекенге айналуына титтей де болса үлес қосар едік.
Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» деп бекер айтылмаса керек. Жүректерінде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту әрбір адамның азаматтық борышы болуы тиіс. Өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған орта тазалығына баса назар аударайық. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған ауылымызды аялап, қадірлеу туралы әрбір азамат ойланса екен.
Шымкент қаласында экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында ерекше форматтағы танымдық іс-шара өтті. 2025 жылғы қыркүйек айында ұйымдастырылған бұл эко-экскурсия «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асты. Іс-шараны Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы», «ASAA» […]
Елімізде Қазақстан халқы тілдері мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, […]
Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты. «Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, […]
Пікір қалдыру