Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі «баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.», — деді.
Айта кетейік, Шымкентті мегаполис ретінде дамытудың маңызды стратегиялық бағыты қалалық қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде көптеген ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Инновациялар мен жаңа технологиялар қала тұрғындары үшін неғұрлым тиімді, тұрақты және өмір сүруге қолайлы аумақтарды құруға мүмкіндік береді. Орналасудың жаңа тәсілдері қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ қалалық ортаны инвестициялар мен даму үшін тартымды етуге көмектеседі.
Инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық көліктің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ велосипед және жаяу жүргіншілер аймақтарын көбейту үшін жағдай жасалуда. Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға, ауаның ластану деңгейін және көлік жүктемесін азайтуға нақты қадам болмақ.
Қазақ халқының арғы-бергі тарихында санқилы замандар өткені рас. Алайда, тап ХХ ғасырдың бірінші жартысындағыдай аласапыран мен зұлмат борын-соңды кездескен емес. Қос дүниежүзілік соғыстан бөлек қазақ халқы басынан ұлт-азаттық көтерілісті, азамат соғысын, ұжымдастыруды, қала берді ұлт […]
Шымкент қаласында ҰБТ кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады. ҰБТ Шымкентте 20 маусым мен 5 шілде аралығында бас санитар бекіткен қаулығы сәйкес жүргізіледі. Тест өткізу пунктінің аумағында ата-аналардың, мұғалім және басқа адамдардың болуына рұқсат берілмейді. […]
Шымкенттегі Тәуке хан мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында «Гарант» сауда үйінің маңында құрылыс нысандары көбейген. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуі барысын мәлім болды. Тәке хан көшесі 7 үйдің тұрғындары аядай ғана […]
Пікір қалдыру