Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды.
Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. Үйден шыққан қоқысты арнайы орындарға тастап, қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға үлес қосуы тиіс.
Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Осыған байланысты қаламызда апта сайын жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Түркістан – қазақ елінің тарихында ерекше орын алған, мәдениеті мен дәстүрі терең, туризмді дамытуға үлкен әлеуеті бар қала. Жыл сайын елдің түкпір-түкпірінен, шетелдерден келетін туристердің саны артып, Түркістанның сәулетіне, табиғатына және мәдениетіне қызығушылығы зор. Сондықтан, қаладағы абаттандыру мен тазалық жұмыстарының маңызы арта түсуде.
Осылайша, Түркістан қаласы абаттандыру мен тазалық жұмыстарының нәтижесінде, тек елдің тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени-рухани туризмнің жаңа орталығына айналуда. Бұл жобалар қала тұрғындарының, қолөнершілердің, кәсіпкерлердің әлеуетін арттырып, қаланың экономикалық дамуында да маңызды рөл атқарады. Түркістанның болашағы жарқын, әрі келешек ұрпаққа рухани азық сыйлайтын, мәдени құндылықтарды сақтайтын қала боларына сенім мол.
Түркістан қаласында бүгінгі таңда Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз […]
Мектепке дейінгі кезең – тұлғаның дамуындағы маңызды кезең, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі, бұл оның одан әрі дамуында, білім алуында және болашағын айқындауда шешуші рөл атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала ағынының жəне көлік жүйесінің жақсаруы үшін жаңа жолдар мен көпірлер салу жоспарланып, қоғамдық көліктің санын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қалада су мен электр […]
Пікір қалдыру