Кез келген өңірдің таза, жанға жайлы көз тартарлықтай болып жайнап тұруы – ең алдымен сондағы тұрғындардың экологиялық белсенділігіне және туған өлке табиғатына жанашырлығына тікелей байланысты.
Шымкент қаласында республикалық тазалық акциясы аясында қала көшелеріне ағаш отырғызылды. Тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатыр.
Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.
Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тазалыққа ел азаматарын, жастарды шақыруына көпшілік оң көзқарас танытып келеді.
Аталған акцияны өткізудегі басты мақсат – жергілікті тұрғындардың тазалық сақтауға деген көзқарасын өзгерту әрі қоршаған ортаны қорғау арқылы ластамау, сондай-ақ қарт кісілерге оның ішінде жалғызбасты тұрғындарға көмектесу болып табылады. Тазалық – баршаға ортақ игілікті іс екендігін ескеріп, оған әрбір тұрғын немқұрайлық танытпай, жауапкершілікпен қарай білсе, жеріміз де ластанбас еді. Осы орайда, еліміздегі ерікті жастардың тазалық жұмыстарына бейжай қарамай, белсенді түрде атсалысып келеді.
Олардың бірегейі — жастар. Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Себебі, жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстары жаңа идеялардың туындауына себепші болады.Сондықтан да, арманы асқақ, жалындап тұрған жастарды неге баулысаң сол ыққа қарай жығылатыны сөзсіз. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген нақылды бойларына сіңіріп, елдің болашағы екендерін ұғындыру — бүгінгі аға ұрпақтың негізгі парызы.
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнеситің жолын кеседі. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта […]
Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 […]
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Бұл жайт тәртіп сақшыларының кәсіби, жылдам әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін көрсетті. Оқиға 2025 жылдың тамыз айында орын алған. […]
Пікір қалдыру