Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аялдамалар тазаланып, жол белгілері жаңартылып жатыр.
Гүлдала, Исрайлов, Сыздықов көшелерінде шұңқырлар жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Темірлан тас жолы бойындағы су ағарлар тазартылып, темір қоршаулар қалпына келтіріледі. Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысына қосымша жолақ қосылып, Бәйдібек би Зообақ тұсындағы аяқжолдар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар Сәтпаев, Жастар, Жеңіс көшелері асфальттеліп, Орынбай ақын, Қалдаяқов көшелері бойына жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал жөндеуді қажет ететін жол белгілері мен бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл акция жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды.Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды.Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) 4 дана, 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 20 км/сағ) 4 дана жол белгілері орнатылуда.
«Білім мекемелерінің алдына жол белгілері қойылып, оқушылардың қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етіліп жатыр. Атап айқанда, «Сайрам» шағынауданындағы мектеп алдына 1 дана жасанды жол кедергісі орнатылды. Сонымен қоса, Қазиев көшесінің бойындағы «Дарын» мектебінің алдына 1 дана жасанды жол кедергісі және Терешкова көшесінің бойына 2 дана жасанды жол кедергісі орнатылды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.
Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған монитоингтік топ Шымкентте тексеру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті мониторингтік тексеріс Абай ауданына қарасты А.Асқаров көшесі […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары кен өндіру саласындағы стратегиялық келіссөздердан басталды. Кездесу барысында ол канадалық Cameco компаниясының басшысымен уран өндірісі мен өңдеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тоқаев Cameco компаниясын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының […]
Шымкент қаласында еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Қызғалдақ» сарайында өткен «Ата Заңым – айбыным» атты кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат депутаттары, […]
Пікір қалдыру