Түркістанда облысы әкімінің кубогына арналған «Пікірсайыс — көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған АПФ және LD форматтарында өткен турнирге Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан жалпы 28 фракция қатысты.
Нәтижесінде бас жүлдеге Түркістан облысының «Кенесары» фракциясы ие болып, 1-орынды Алматы облысынан келген «Айшуақ хан» командасы иемденді. Жүлделі 2-орынды Шымкент қаласынан келген «Жәңгір хан» фракциясы иеленсе, 3-орынды шымкенттік «Есім хан» командасы жеңіп алды. Жоғары деңгейде өткізілген республикалық турнир жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар мен кубок табысталды.
Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытып, жан-жақты дамуына жол ашатын интеллектуалдық алаң. Дебат – білім мен шешендік сыналатын, ертеңгі еліміздің дамуына үлес қосатын, тұлға болып қалыптасуына жан-жақты көмек беретін ойын. Сонымен қатар, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар кез-келген жағдайды, проблеманы әр түрлі жағынан талдауға және жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.
Пікір қалдыру