Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен аймақ басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасына барды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының ішкі сылақ және электр жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және желдету жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ білім беру ордасында кәріз және ауыз су жүйесі толық іске қосылған. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.
-Бұл – ерекше жоба. Бағыт – айқын. Заманауи мектептердің құрылысын барынша тездету үшін жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым мәселесі толық шешілуі тиіс. Бұл жоба білім сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жайлы мектептерде балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан сапалы білім беретін оқу орындарының санын арттыру аса маңызды. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптар үшін жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру, -дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Бүгінгі таңда құрылысы биылға жоспарланған 29 мектептің 27-сінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелері анықталды. Қалған 2 мектебі бойынша сатып алу конкурсы өткізілуде. Қорытындысы биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Кентау қаласында 2024 жылдың 9 айында 2 217 адам жұмыспен қамтылған. Оның 911-і тұрақты жұмысқа орналасса, 1306 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Қала тұрғындарының 148-і әлеуметтік жұмыс орындарында, 304 азамат жастар практикасында, 659 адам қоғамдық […]
Сайрам ауданында жаңа мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Басқосуда туризм мен өндіріс саласындағы әріптестік таныту жайы сөз болды. Алдымен облыс басшысы жаңа облыс орталығының даму жоспарымен таныстырды. «Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жаңа Түркістан […]
Пікір қалдыру