ТҮРКІСТАН: «ALEMPAY — ТИІМДІ, ЫҢҒАЙЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ»

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде енді AlemPay карталарын қолдануға болады. Бұл карталар арқылы оқушылар жол жүру ақысына 35 теңге төлеп, жеңілдікпен жүре алады. Ересектерге арналған карталар да бар. Карта құны – 500 теңге, әрі оны үйден шықпай-ақ, телефон арқылы онлайн толықтыруға болады.

Айта кетейік, ALEMPAY компаниясы – Қазақстан қалаларының қоғамдық көліктеріндегі электрондық билет беру операторы, жолаушылардың таңдауы бойынша жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеудің көптеген нұсқалары бар толық қазақстандық әзірлеу жүйесін ұсынады.

Картаны сатып алу үшін Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, №356 мекенжайына келу қажет.

Бұл жаңа жүйе Түркістан қаласының қоғамдық көлігінде жол жүруді одан әрі ыңғайлы және жылдам етеді!

Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларынан төлемді карта арқылы жасауды сұраймыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*