Қала тазалығы – бәрімізге ортақ. Тазалықпен айналысатын мекеменің қызметкерлері өз жұмысын жауапкершілікпен атқаратынын көпшілік жақсы біледі. Таңның атысы, күннің батысы демей, ыстық пен суықты да елемей еңбек етіп келеді. Десе де, биылғы Мемлекет басшысының Жолдауындағы тазалыққа айрықша тоқталуы, барша қала тұрғындарының тазалыққа немқұрайлы қарамау керектігін еске салды. Жыл асынын бері жүйелі түрде өткізіліп келген шырайлы Шымкент қаласына қарасты аудандарда үздіксіз тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолғы сенбілік Тұран ауданының Қазығұрт шағын ауданынан бастау алды. Қала аумағын көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке қатысқандардың қарасы қалың. Іс-шараға аудан тұрғындары мен Тұран ауданы әкім аппаратының қызметкерлері қатысып, 3 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Егілген ағаштар күздік маусымға арналған айлан, клен және ясин түрлерінен болды.
Шымкентті көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көзге көрініп, нәтижесі белгілі болып тұр. Егіліп жатқан көшеттер мен гүлдерді арнайы суару үшін жерасты құбырлары тартылған. Ала жаздай еткен еңбектің еш кетпеуін қадағалау да осы тазалық қызметкерлерінің жауапкершілігінде. Десе де өсімдіктер табиғат ананы жерсініп, кейбірі қурап қалып жатады. Ол қараусыз қалудан емес, көшет пен топырағының байланыса алмауы деп түсіндірді мамандар.
Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол сенбіліктің қоршаған ортаны тазарту және халықты бірлікке шақыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, бұл аймақтың алдағы уақытта демалыс саябағына айналатынын айтты.
Қазығұрт бірнеше жылдар бұрын қала шетіндегі елді мекен қатарында еді. Миллионды қалаға айналғаннан кейін жер аумағы кеңейіп, аталған елді мекен орталыққа жақындай түсті.
Сенбілікке 17 мыңнан астам тұрғын қатысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, аудан аумағынан 382 тонна қоқыс шығарылып, қала таза әрі көгалдандырылған ортаға айналды.
Айта кетейік, Тұран ауданы тазалық шараларына белсенді қатысатын аудандардың бірегейі. Бірлікке бастайтын тазалық шарасына үздіксіз қатысатын жастар барша замандастарын тазалыққа шақырады.
25 қазан күні Шымкент қаласында Ұлттық мереке — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Бұл күн еліміздің тәуелсіздікке бастаған алғашқы тарихи қадамын еске салып, […]
Шымкент қаласының тазалық мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі, әсіресе қала басшылығының тікелей бақылауымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Шаһарды көркейту, оның экологиялық жағдайын жақсарту және санитарлық ахуалын ретке […]
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
Пікір қалдыру