«ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ» МЕН «ЖЕТІ ЖАРҒЫДАН» БАСТАУ АЛҒАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Түркістан облысында тұрғындармен кездесу өткізді. Түркістан қаласындағы Конгресс-холлда өткен жиынға мыңнан астам адам қатысты. Зиялы қауым, дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер, ардагерлер мен жастар жаңа Конституция жобасын талқылап, өз пікірлерін білдірді.

Кездесуде жаңа Ата заңның тарихи сабақтастығы ерекше атап өтілді. Құжаттың мазмұны қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлі құқықтық жүйесі – Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағымен үндесетіні айтылды. Киелі Түркістан төрінде өткен диалог ұрпақтар сабақтастығын және ел болашағына деген жауапкершілікті айқындады.

Коалиция мүшесі Жақсыбек Құлекеев жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатынын атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны қолдау мәселелеріне тоқталды.

Жаңа Конституция жобасында «мемлекет адам үшін» қағидаты басымдыққа ие. Сондай-ақ неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде нақты бекітілетіні айтылды.

Жиын қорытындысында түркістандықтар 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қолдауға ниетті екендерін білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*