Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесіне «Қол өнерім-өнегем атты бұрышта қазақ халқының этнографиялық коллекциялары, аяққаптар, қоржындар, шашақбаулар, басқұрлар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлықтар мен ұлттық бұйымдар қойылса, «Тарихи мәдени ескерткіштер» тақырыбында Домалақ ана, Бәйдібек ата, Ысқақ баба, Баба Түкті шашты Әзіз кесенелерінің фотосуреттері мен макеттері, VIII- IX ғ.ғ. қыш ыдыстары ілінді. Сондай-ақ көрмеде «Қолөнер бұйымдарын сату бұрышы», «Көне кітап әлемі» — кітаптар бейнеленген фотосуреттер, көне кітаптар, «Хандық дәуір» — хандық дәуірді көрсететін кескіндемелік картиналар, сауыт, қару-жарақ, Хан тағы, Тайқазан, Лауха тағы да басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, көрмеге келушілерді әсіресе, ұлы сазгер — Шәмші Қалдаяқовтың, күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлының кескіндемелік фотосуреттері мен портреттері, олардың жеке қолданған заттары, медальдары, жарнама қағаздары таң-тамаша еткен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан […]
ОҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 30 жоба іске асырылады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 30 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 6-ның бүгінге дейін жеке әріптесі анықталса, қалған 24 жоба аясында тиісті құжаттар әзірленуде.Жобалардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Мәселен, салаға қатысты […]
ОҚО-да жаңа су электр станциясы іске қосылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста […]
Пікір қалдыру