Латын әліпбиіне ауысу — ұлттық сананың жаңғыруы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 27-қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны баршаға мәлім. Осы Жарлық негізінде 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты пікірлер айтылып, талқыға салынғанын айта кеткен жөн.

Брифингте жаңа әліпбиге көшу туралы өз ойын ортаға салған ғалым Ақжол Қалшабек латын әліпбиі қазақ халқын құлдық санадан арылтып, ұлттық рухты жаңғыртатын айта кетті.«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық кодын айқындау, «Туған жер», «100 жаңа есім» сынды өзекті тақырыптар қамтылған болатын. Осылардың ішінде ең маңыздысы латын әліпбиіне көшу мәселесі еді. Латын әліпбиі жоғымызды түгендеп, жоғалтқанымызды табуға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Осы ретте бүгінгі қазақ қоғамы латын әліпбиін тез меңгеруге дайын болуы керек», — деді Ақжол Қалшабек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*