Жылу жүйелерінің жұмысы қалыпты

Жылу жүйелерінің жұмысы қалыпты.  Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жылыту жұмыстарының деңгейіне осындай баға берді.
Алдымен «Шолпан» балабақшасына ат басын бұрған Рашид Үсіпханұлы ғимараттың ескіргеніне ерекше назар аударып, балабақша меңгерушісіне атқарылуы тиіс жұмыстардың тізбесімен арнайы ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ тез арада шешу тетіктерін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, 4 топқа бөлінген 80-нен астам тәрбиеленушілердің оқу, ойын және жатын бөлмелерінің жылуын күнделікті қатаң бақылауда ұстап, назардан тыс қалдырмауды ескертті.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты жаттығу бөлмелерінің жылытылуы ойдан шыққанымен, мұндағы тазалыққа көңілі толмаған аудан әкімі бөлім басшысына кемшіліктерді жойып, жас спортшыларға тиісті жағдай жасау қажеттігін есіне салды:
— Ең алдымен жаттығу залдарын талапқа сәйкестендірген абзал. Спортшыларымыздың жетістіктері жетерлік. Егер олардың еркін жаттығуына жағдай жасасақ, алатын биігі асқақтай түсері анық. Бұл жастардың спортқа қызығушылығын да арттыратынын ескеру керек, — деді Рашид Үсіпханұлы өз сөзінде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*