Мақтаарал ауданы Ұлы жеңістің 72-жылдығын атап өтті

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында мерекелік іс-шара болып өтті.

Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков бастаған зиялы қауым мен жастар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктеріне тағзым етіп, «Жеңіс» алаңына гүл шоқтарын қойды.

Ал, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Ғалым Исмаилов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін үйлеріне барып құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сонау сұраплы 1941-1945 жылдар аралығында Мақтарал ауданынан 32 мыңнан аса адам Ұлы Отан соғысына аттанып, соның 3900-і ғана аман-есен елге оралған. Бүгінде ауданымызда көзі тірі 12 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Мұнан соң Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов Асықата кентінің орталық саябағында өткен 9-мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Ұлы Отан соғысына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жиналған халықты ұлы мерекемен құттықтады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*