Арман Оспанов жапон жігітін есінен талдырды (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Арман Оспанов, Ресейдің Петербор қаласында АВС 61 турнирі шеңберінде шаршы алаңға көтерілді. Отандасымыздың бүл жолғы арсыласы жапон жігіті Таичи Накажима. Күн шығыс елінің өкілі бүгінге дейін кәсіби рингте 12 жекпе-жек өткізіпті. Таичидің салмағы 173 келі. Дегенмен 28 жасар жігіттің біздің Арманнан бір жасқа өлкен, тәжірбиесі толысқан мықты қарсылас екенін айта кету керек.

Алайда, қазақтың ұлы Ресейге бекер келмегенін жекпе-жектің 1-раундында-ақ байқатты. Төреші рұқсатынан соң қарсыласына тап берген Арман раундтан-раундқа шабуылын үдете түсті. Нәтежиесінде кездесудің 2-кезеңі аяқталар тұста жерлесіміз күтпеген жерден көз ілеспес жылдамдықпен жапон жігітінің жағынан айналып теуіп, жерге «сылқ» еткізіп құлатты. Күшті соққыдан есін жоғалтқан Таичи біраз уақыт орнынан көтеріле алмай қалды.

Дегенменде мойындау керек, жапон да намысты жігіт екен. Есін жиған соң, үлкен қателікке бой алдырғанына қатты ұялып, көз жасына ерік берді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*