Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалған үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Секторлар бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары жөндеу жұмыстарын аяқтаса, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтап отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Жиында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстары кенжелеп тұрған секторларға жауапты облыс өкілдеріне жұмысты тездетуді тапсырып, қыркүйек айына дейін толық аяқтауды жүктеді.
Сондай-ақ, басқосуда баяндама жасаған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасы Арман Жетпісбаев Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның 56-сында құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 нысан алдағы апта түгел пайдалануға берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев арыстықтарға берілетін 100 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыны беру жұмыстары бойынша 5 млрд 67 млн теңгенің халыққа үлестірілгенін баяндады. Бұдан өзге, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов Арыс қаласында Көктем мөлтекауданы мен Ақымбеков, Қонаев сынды орталық көшелердің жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталатынын айтты.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппаратық мәжілісте қадап айтты. Қазір шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойған. Құзырлы мекеме қызметкерлеріне халыққа көмірден гөрі, көгілдір отынды қолданған экологиялық әрі қаржы жағынан […]
Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке өтініші бойынша көпбалалы ананы қабылдады. Жеті баланың анасы Дина Айтимбетова аймақ басшысымен кездесуге Арыс қаласынан арнайы келген. «Алтын алқа» иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. […]
Пікір қалдыру