Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалған үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Секторлар бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары жөндеу жұмыстарын аяқтаса, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтап отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Жиында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстары кенжелеп тұрған секторларға жауапты облыс өкілдеріне жұмысты тездетуді тапсырып, қыркүйек айына дейін толық аяқтауды жүктеді.
Сондай-ақ, басқосуда баяндама жасаған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасы Арман Жетпісбаев Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның 56-сында құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 нысан алдағы апта түгел пайдалануға берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев арыстықтарға берілетін 100 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыны беру жұмыстары бойынша 5 млрд 67 млн теңгенің халыққа үлестірілгенін баяндады. Бұдан өзге, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов Арыс қаласында Көктем мөлтекауданы мен Ақымбеков, Қонаев сынды орталық көшелердің жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталатынын айтты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі […]
ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмысшы топ өңірдің жұртшылығымен кездесті -деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі. Бердібек Сапарбаев бастаған топ мүшелері Президент Жолдауының басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысын […]
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Пікір қалдыру