Шымкент әкімі қаладағы ұстаздардың алғыс хатты да сатып алатынын айтты

Шымкентте өткен TAMYZ 2019 конференциясында қала әкімі Ерлан Айтаханов, білім саласындағы жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды-деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Қала басшысының айтуынша, өткен жылдың өзінде 2 мектеп директоры пара алу үстінде ұсталған. Білім саласында тіпті, алғыс хат алудың өзі саудаға айналған көрінеді.

«Парамен қоғам болып күресуіміз керек. Әрқайсымыз жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сананы, осыған деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Мектептерді бизнес ошағына айналдыруды қоюымыз керек. Формаларды қымбат бағамен тіккізіп, соларды алғызуды қою керек. Бір алғыс хатты алудың өзі сондай нәрсеге алып келе жатыр. Нақты ұстазға сатып алынған алғыс керек емес. Ондай адамдар бар бізде»- дейді Ерлан Қуанышұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*