Шымкентте балаларды балабақшамен қамту 95 пайыздан асқан

Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 701 мекеме жұмыс жасайды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева мәлімдеді.

Оның ішінде 158 мектеп, 501 балабақша бар. Ал, жалпы қаладағы 701 мекемеде бүгінде 294 мың баланы тәрбиеленіп жатыр екен. Алайда, әзірге балалардың сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыруға жұмыс жасайтын бар-жоғы 9 мекеме бар.

Биыл шаһардың бюджетінен білім саласына 77 миллиардтан астам қаржы қаралған.  Ол қаржының дені ұстаздардың жалақысына, білім мекемелерінің күтіміне, оқу құралдарына жұмсалатын көрінеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкенттегі мектептер қысқы жылыту маусымына толықтай дайын. Сұйық және қатты отындар барлық білім ошақтарына жеткізіліпті. Қажет болған жағдайда мердігер мекемеден қосымша отын алу мүмкіндігі де бар екен.

Қазірде қалада 19 мектеп үш ауысымда білім береді. Бүгінге дейін жаңадан бой көтерген мектептердің арқасында 7 мектептегі үш ауысым мәселесі шешілген.

«Соған қарамастан бұл аздық етеді. Үш ауысым мәселесін бірден шешіп тастау мүмкін емес. Жылдар өте жүйелі түрде біз бұл мәселенің түйінін шешеміз. Жалпы үш ауысымдағы мектептер қаламыздағы демографиялық өсім мен Түркістан облысының аудандарынан, еліміздің өзге де аймақтарынан оқушылардың келуі көбейіп, бізде оқушы саны жылда артып жатыр»- дейді Айгүл Текебаева.

 

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*