ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК БЕКЕТТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде.
Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратып жатыр.

«Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз»,- дейді қала аумағында карантитнге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер.

Қазіргі таңда, қала аумағында  алты жүз алпыс тоғыз қызметкер жұмылдырылған он сегіз блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Үш ауысыммен қызмет ететін посттарға  екі жүз ртыз жеті полиция қызметкері, жүз алпыс сегіз қарулы күштер, алпыс Ұлттық ұлан сарбаздар мен  екі жүз төрт медицина маманы бар.
Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейне камералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған.
Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*