Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі «баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.», — деді.
Осыған орай , Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Шымкент қаласында «Таза қала үшін» акциясы басталды. Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп берді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылға жоспарланған тірліктер барысын баяндады. Алдағы үш жылдың […]
Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Ол біз секілді қарттардың көңіліне […]
Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бүгінде […]
Пікір қалдыру