Шымкентте қала тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күндіз-түні атқарылып жатыр. Қарқынды түрде қызмет етіп жүрген қаланың «тазалық сақшыларының» жұмысы мереке күні бірнеше есеге күшейеді. Жалпы қызметкерлер үш ауысымда, тұрақты түрде жұмыс істейді.
Қалалар тазалығы – қоғам келбеті, ал елдің астанасы саналатын басты шаһардың тазалығы мемлекеттің де бет-бейнесін көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынып, соның аясында Шымкентте «Таза Қазақстан. Шымкент – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы кең ауқымда өткізілді. Бұл іс-шаралар қоғамда азаматтардың тазалық мәдениетін күшейтуге бағытталады. Ал тазалықты акциялардан тыс та сақтап отырған мекемелер әсіресе, шаһарымызды күн сайын тазалайтын ұйымдардың жауапкершілігі екі есе. Мұнда жұмысшылар күнделікті тазалық жұмыстарын үш ауысымда жасайды. Ал тек бір ауысымның өзінде 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
”ШымкентСпецКомплекс “ЖШС Шымкент қаласы Тұран ауданы бойынша: жолдарды механикалық жуу,тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты магистральды көшелерді жуу жұмыстары күнделікті кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қатар қала тазалығына тек көшелерді ғана емес қоқыс жешіктері мен қоғамдық көлік аялдамаларын жуып-шаю да кіреді. Қоғамдық көлік аялдамаларын жүйелі түрде тазалау — орындықтардағы кірді, шаңды және граффитиді тазалауды қамтиды. Көшелерді жуу -арнайы машиналар арқылы жол төсемдерінен және тротуарлардан қоқыстарды, құмдарды және басқа да ластаушы заттарды тазалауды қамтиды. Қоқыс жәшіктерін тазалау жағымсыз иіс пен инфекцияның таралуын болдырмау үшін өте қажет.
Арнайы техникалардың көмегімен тиісті бригада жұмылдырылып, көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі ауысымда жұмыс жасауда. Қаланың көркі мен тазалығын сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз!
Пікір қалдыру