Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақша қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жиырма төртінші сәуірден бастап «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың жиырма алтыншы наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын.
Шымкент үшінші мегаполис. Ал мегаполистің инфрақұрылым саласы әрқашан күннің өзекті тақырыптарының бірі. Инрфақұрылым ең алдымен қарапайым халықтың өмір сүру сапасын арттырып, арнайы қолайлықты арттырып қаланың дамуына үлес қосу. Соның бірі қаланың инфрақұрылым саласының бір бөлігі […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 […]
Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай ауданында өткен қалалық сенбілік қала тұрғындарының бірлесіп жұмыс істегенін көрсететін маңызды шара болды. Бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желектерді көбейтуге, сондай-ақ тазалықты сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталды. […]
Пікір қалдыру