Бүгінде Шымкентте әрбір адамға 3,13 шаршы метрден жасыл желек бар екен. 2035 жылға дейін осы көрсеткішті 5 есеге жуық арттырып, қаладағы жасыл желектің аумағын жан басына шаққанда 16 шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Мамандар ол үшін Шымкенттегі барлық терең сайлар мен жыраларды көгалдандыруды қолға алмақ. Мұндай орындарға ағаш пен көгал егіп, жасыл желекке бөлеуге болатынын дендросаябақ пен мемориалдық кешен аумағындағы сәтті тәжірибелер көрсетіп отыр. Үлкен қаладағы ең күрделі проблеманың бірі көлік кептелісі екені мәлім. Демек, шаһардағы жайлы тұрмыс үшін жол-көлік инфрақұрылымының маңызы айрықша екені айтпаса да түсінікті. Сол себепті сала мамандары Шымкенттегі магистральды көшелер мен жолдардың айқын радиалды-айналма жүйесін әзірлеп шықты. Қаладағы жолдарды осы жоспарға сәйкес дамыту бойынша нақты жұмыс қазірдің өзінде басталып кеткен. Мұнан бөлек теміржол арқылы қаладағы экологияға зиянды жүктерді
19.11.2024 kungei Қоғам 0 көрілген саны: 54
Пікір қалдыру