Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізді. Туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып жүзеге асты. Сонымен қатар, Елбасының 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды. Жобаға қатысушы еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсетеді. Жобаның мақсаты — келген туристерді сапалы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастардың алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауын ынталандыру. Әрқайсысы бірнеше тілді меңгерген жастар қонақтарды біркелкі электрлік самакатпен қарсы алады. Бұл жобаға 20 ерікті жұмылдырылған. Алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, Кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) онлайн және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, турист билеттерді туриникеттерге QR-кодын скан жасап Кесенеге кіре алады. Сонымен қатар, келушілердің санын бақылау бойынша толық сараптама жүргізу үшін камералар орнатылды. Мұның барлығы келген туристердің санағын жүргізуге, олардың туристік объектіні көрудегі эмоциясын бақылауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Қытай компаниясы Түркістанда ақылды қала салу үшін 10 млн.доллар бөлмек
Түркістанда өткен халықаралық форумда Қазақстан және итальяндық «Kazakhstan Project Preparation fund» біріккен кәсіпорны сапалы керамзит өндіретін зауыт құрылысына 17 млн. АҚШ долларын бағыттап отыр. Отандық «VMS» ЖШС-і Түркістан облысында туризм саласында инвестициялық жобалармен әріптестік таныту мақсатында […]
Ө.Шөкеев Түркістандағы құрылысты аралап көрді
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы рухани астанадағы құрылыс барысын қадағалап, жұмыстардың талапқа сай жүріп жатқанына куә болды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштар Түркістанды жасыл аймаққа айналдырады. […]
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астам білім беру саласының өкілдері қатысты. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Түркістан облысының […]
Пікір қалдыру