ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕДЕН БЕКЕТТЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шекаралық кеден бекеттердің аумағын кеңейту, толық қайта техникалық жарақтандыру және өткізу қабілеттілігін ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Тұлғабаева мәлімдеді.
ҚР Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі №32-Өкімі аясында Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста бірқатар кеден бекеттерінде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы Келес ауданындағы транзиттік бағыттағы маңызы зор «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетін қайта құру жұмыстары басталған болатын. Бұл жоба іске қосылған кезде автокөліктердің кіріп-шығу жолақтары 2 ден 6 жолға дейін (3 жолақ кіру, 3 жолақ шығу бағыты) ұлғайып, бақылап-өткізу жұмыстары жеделдетіледі және тауар тасушы автокөліктерінің өту саны 200-ден 1000-ға дейін ұлғаяды. Жоспар бойынша құрылыстың аяқталу мерзімі  2020 жылдың мамыр айы», — деді Баян Тілегенқызы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*