Түркістан: аудандар мен қала әкімдері әлеуметтік желілерде күнделікті тікелей эфирге шығады

ТҮРКІСТАН: АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҒАДЫ

Қазіргі таңда, «COVID-19» пандемиясының кең таралуының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Пандемиямен күрес кезіндегі қолға алынған шаралар және алдыңғы кезектегі мәселелермен тұрғындарды ақпараттандыру да басты назарда.
Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов «Zoom» бағдарламасы арқылы байланысқа шығып, республикалық БАҚ өкілдеріне облыстағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Қалқаманов наурыз айынан бері 58 рет күнделікті фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, БАҚ өкілдері мен тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып келеді. Осы үрдіс жалғасын тауып, енді Түркістан облысындағы 16 аудан, қала әкімдері белгіленген кестеге сай күнделікті тұрғындармен тікелей байланысқа шығып, толғандырған сұрақтарға жауап беретін болады.
Бүгін, алғаш болып Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пен Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев тікелей эфирге шығып, Пандемияға қарсы күрес және дәрі-дәрмек мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады. Эфир барысында тұрғындар осы кезеңде көрсетілетін көмектер мен алдағы жоспарлар жайлы сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*