МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ — КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ КАРТАСЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

Түркістанда тарихи маңызы бар ерекше нысан – Махмұд Қашқаридің көне түркі картасы бейнеленген сквер қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары барысында оның бастапқы бейнесі мен құрылымы сақталып, толықтай жаңғыртылды.
Бұл карта – қала тарихын бейнелейтін маңызды нысан болып табылады және тұрғындар мен қонақтар үшін ерекше құндылыққа ие.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 2020 жылы пайдалануға берілген болатын. Махмұд Қашқаридің көне түркі әлемінің картасы бейнеленген сквер салынған болатын. Қаланы бір үлгіде дамыту үшін тек қана құрылыс пен көгалдандыру ғана емес, тарихи-мәдени, рухани бағытты қатар жүзеге асыру қолға алынған.
⠀Аталған картада Яссы қаласы да бар. Құрылысына ағылай тасы пайдаланылған көрікті орын гүлзарлармен де толыққан. Бір айға жетпес уақытта аяқталған көпшілікке арналған орында түнгі кейіпін көрікті етер жарықшамдар да орнатылған. Кешкі серуенде осы скверге келіп, өз көздеріңізбен көріп, тарихқа сапар шегесіздер.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*