2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Үшіншісі, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді
«Бірінші бағыт бойынша, облыста АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы — көпбалалы отбасылардан. Өңірдегі көпбалалы 86,6 мың отбасы бар: төрт баладан -56,9 мың отбасы, бес баладан — 24,4 мың отбасы, алты баладан — 4,8 мың отбасы, жеті және одан жоғары баладан — 508 отбасы. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді», – деді Әсия Құралқызы.
Түлкібас ауданынының атқа мінер азаматтары филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметовке шығармашылық үйін салып берді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Мекемтас ақсақалдың туған жері Мичурин ауылынан бой көтерген 5 бөлмелі баспананың құны 8 миллион […]
Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Жеке инвесторлардың аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызғушылығы артқан. Соның нәтижесінде ауданда 39 жоба іске қосылған. Өткен жылы ауданға 34,6 млрд. […]
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына бір жарым миллионнан астам құты дәрі келді. Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 […]
Пікір қалдыру