2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Үшіншісі, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді
«Бірінші бағыт бойынша, облыста АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы — көпбалалы отбасылардан. Өңірдегі көпбалалы 86,6 мың отбасы бар: төрт баладан -56,9 мың отбасы, бес баладан — 24,4 мың отбасы, алты баладан — 4,8 мың отбасы, жеті және одан жоғары баладан — 508 отбасы. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді», – деді Әсия Құралқызы.
ТҮРКІСТАН: АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҒАДЫ Қазіргі таңда, «COVID-19» пандемиясының кең таралуының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Пандемиямен күрес кезіндегі қолға алынған шаралар және алдыңғы кезектегі мәселелермен тұрғындарды ақпараттандыру да […]
Еліміздің әрбір азаматының болашағы — отбасында көрген тәрбиесінен басталады. Шағын мемлекетті қолдау, қорғау азаматтық борыш екені анық. Түркістан облысында отбасын қолдауға, нығайтуға және қорғауға бағытталған «Отбасын қолдау секторлары» қызметі іске қосылған. Секторлар облыстың 10 аудан, […]
Түркістан қаласында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған бір айлық кең ауқымды акция өз жұмысын бастады. «Есірткісіз болашақ!» ұранымен өткен бұл іс-шара жастардың бойында салауатты өмір салтына бейімділік […]
Пікір қалдыру