Түркістандық дәрігерлер жүрек ақауымен туған нәрестені аман алып қалды.Нәрестенің туғанына небәрі төрт күн болған. Бірақ жүректің қолқа доғасының ақауымен дүниеге келген сәби өміріне алғашқы күндерінен қауіп төнген. Бұл диагноз жүректің ең ауыр ақауы болып саналады. Өмірі қыл үстінде тұрған кішкентай Софияны Шымкент қалалық перзентханадан облыстық балалар ауруханасына шұғыл түрде санитарлық авиациямен жеткізуге тура келген. Дәрігерлер тез арада нәрестеге ота жасауға кіріседі. Күрделі операция 5 сағатқа созылған. Бір жетіге таяғанда кеуде қуысы жабылып, бала аман қалды. Қазіргі уақытта сәбидің денсаулығы жақсарып, кардиохирургия бөліміне ауыстырылған. Жүректің қолқа доғасының ақауына ота жасалмаған жағдайда, бала қан айналымы жүрмей екі аптаға жетер-жетпес бақилық болатын көрінеді. Сол себепті дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету аса маңызды. Жалпы, Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын сәбилердің ашық жүрегінде 250 ота жасалынады. Олардың 40% — ы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер. Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту шаралары ұйымдастырылып отырады. Бас дәрігері Гаухар Үкібаеваның айтуынша, ауруханада күні кеше Триаж жүйесі енгізіліп, шұғыл медициналық көмек тақырыбында қызметкерлеріне арнайы дәріс өткізілген. Балаларға медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында қабылдау бөлмесін талапқа сай қайта жаңғырту қарастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК АУМАҒЫНДА 14 ҒИМАРАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, Қазақстан Республикасының индустриялық-аграрлық дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Түркістан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетке ие. Бұл Қазақстанның еңбек ресурстары көп өңірлерінің бірі. Бүгінде Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы […]
Түркістан: Ауруханалардағы 9 мың орынның 25 пайызы бос
Түркістан облысындағы аурухаларда жалпы саны 9 мың төсек-орын бар. Оның бүгінгі таңда 25 пайызы бос тұр. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді. Сондай-ақ, Сәкен Амангелдіұлы, […]
САУРАНДА «ТҮРКІСТАН-ҚАРНАҚ» БАҒЫТЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР
Сауран ауданына қарасты «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 7,8 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, көпір құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме […]
Пікір қалдыру