Түркістандық дәрігерлер жүрек ақауымен туған нәрестені аман алып қалды.Нәрестенің туғанына небәрі төрт күн болған. Бірақ жүректің қолқа доғасының ақауымен дүниеге келген сәби өміріне алғашқы күндерінен қауіп төнген. Бұл диагноз жүректің ең ауыр ақауы болып саналады. Өмірі қыл үстінде тұрған кішкентай Софияны Шымкент қалалық перзентханадан облыстық балалар ауруханасына шұғыл түрде санитарлық авиациямен жеткізуге тура келген. Дәрігерлер тез арада нәрестеге ота жасауға кіріседі. Күрделі операция 5 сағатқа созылған. Бір жетіге таяғанда кеуде қуысы жабылып, бала аман қалды. Қазіргі уақытта сәбидің денсаулығы жақсарып, кардиохирургия бөліміне ауыстырылған. Жүректің қолқа доғасының ақауына ота жасалмаған жағдайда, бала қан айналымы жүрмей екі аптаға жетер-жетпес бақилық болатын көрінеді. Сол себепті дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету аса маңызды. Жалпы, Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын сәбилердің ашық жүрегінде 250 ота жасалынады. Олардың 40% — ы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер. Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту шаралары ұйымдастырылып отырады. Бас дәрігері Гаухар Үкібаеваның айтуынша, ауруханада күні кеше Триаж жүйесі енгізіліп, шұғыл медициналық көмек тақырыбында қызметкерлеріне арнайы дәріс өткізілген. Балаларға медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында қабылдау бөлмесін талапқа сай қайта жаңғырту қарастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: Карантиннің жеңілдеуі — босаңсу деген сөз емес
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Түркістан: Сайрамда «Ауыл-ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Сайрам ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарында білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, аталған екі ауылдық округтегі 10 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүретін болады. Мәселен, […]
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСИЛИЛИ ПОДГОТОВКУ К ВОЗМОЖНОЙ ВТОРОЙ ВОЛНЕ КОРОНАВИРУСА
Ход подготовки к возможной второй волне коронавирусной инфекции на территории области, работу стабилизационного фонда и недопущение роста цен на продовольственные товары, а также результаты проведенного внутрипартийного праймериза и ход работ по формированию «зеленого пояса» […]
Пікір қалдыру