Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары қара еңбекпен қара жер емген халық. Ауылдарды су алды. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Ауданда ауылдарды су басуы салдарынан 620 үй жапа шегіп, 3601 гектар алқап су астында қалды.
Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.
Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған.
Эвакуациялық орталықтарға 7000-нан астам адам орналастырылған. Түркістан облысының басшылығы эвакуациялық орталықтарда тұрғындар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.
Жауаптылар медициналық алдын алу шараларын қолға алған. Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізіп жатыр.
Ауданда 600-ден астам полиция қызметкерлері мен әскерилер апатты құтқару жұмыстары жұмылдырылған.
Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі, Мақтааралдағы жағдайды тұрақтылығын айтып, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру